Тұрғын үй бағасы ең төмен қалалар тізімі

Тұрғын үй бағасы ең төмен қалалар тізімі

Тұрғын үй бағасы ең төмен қалалар тізімі
ашық дереккөзі
Қазақстанның 2016 жылы тұрғын үй бағасы ең арзан қалаларының атаулары белгілі болды. Баға индекстері тұрақты қадағаланып отыратын 10 елді мекеннің ішінде ең үздік бестікке облыс орталықтары кірді. Онда әр тұрғын үйдің шаршы метрі 200 мың теңгеден төмен, деп жазады Krisha.kz. Бесінші орында Орал қаласы тұр. Мұнда желтоқсан айында орташа ұсыныс шаршы метріне 183 мың теңгені құрады. Мұндай көрсеткіш нарықта тұрғын үй бағасының 12 айда 21 пайыздық төмендеу көрсеткішінен соң қалыптасты. 2016 жылдың қаңтар айында тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орташа алғанда 232 400 теңге тұрған болатын. Бұл қазіргі бағадан 49 мың теңгеге қымбат. Төртінші орында Өскемен қаласы тұр. Онда баға индексі желтоқсанда шаршы метріне 177 мың теңгеге арзандады. ШҚО-ның әкімшілік орталығы бір жыл бұрын рейтингтің бесінші орнына тұрақтаған болатын. Бұл қалада қаңтар айында тұрғын үйдің шаршы метрі 26 пайызға жуық қымбат, яғни 238 675 теңге болған еді. Петропавл қаласы 4-ші орынға тұрақтады. Бұл қалада тұрғын үйдің шаршы метрі 173 мың теңге тұрады. Осыған дейін бұл елді мекен тұрғын үйі ең арзан аймақтардың бірінен саналатын. Қаңтар айымен салыстырғанда баға 23 пайызға немесе 53 мың теңгеге арзандады. Екінші орында Тараз қаласы тұр. Бұл қалада желтоқсан айындағы баға индексі шаршы метріне 161,1 мың теңге болды. Бұл баға 30 пайыздық төмендеу көрсеткішінен соң қалыптасты. Яғни жыл соңында тұрғын үйдің шаршы метрінің көлемі 71 мың теңгеге арзандады. Рейтингтің көшін Ақтөбе қаласы бастап тұр. Онда ұсыныс индекстері 161 мың теңгеге тең. Айта кететін мәселе - бұл қала осыған дейін 3-ші орында тұрған болатын. Алайда, тұрғын үй нарығының 32 пайызға төмендеуіне байланысты Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы өзінің позициясын әлсіретті.