Жаңалықтар

«Қоянды жәрмеңкесін» сақтап қалу керек еді» – әнші (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Қоянды жәрмеңкесін» сақтап қалу керек еді» – әнші (ВИДЕО)

Белгілі әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев Қарқаралыдағы «Қоянды жәрмеңкесі» өткен жерге барып, тарих жайлы тебіренісін білдірді деп жазды turkystan.kz. «Қарқаралыға келгендегі негізгі мақсатымыздың бірі атақты «Қоянды жәрмеңкесін» көріп қайту болатын. Бардық, жеттік, көрдік. Көңіл қуантатын көріністі көре алмадық. Арғы-бергі тарихымыздан жастарға тәлім болатын жәдігер таба алмай, орындарын сипап қалып жататын әдетіміз-ай! Бүгін де біздің үкілі үмітіміз су сепкендей басылып қайтты. Ауылдан бір ақсақалдың табылып, әйгілі «Қояндының» кешегісі мен бүгінінен тұщымды әңгіме айтып бергеніне шүкіршілік еттік. Есті қариялардың әлі де бар екеніне тәубә қылдық. Сексеннің сеңгіріне шыққан атамыздың мамандығы да тарихшы болып шықты. Демек, ертеңгі ұрпақ үшін бұл кісіден естіп қалар естеліктер әлі көп. Тек осыны ұтымды пайдалана білсек», - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. Сондай-ақ ол атақты Қоянды жәрмеңкесі өткен жерден видео жариялап, Кеңес одағының тұсында мұрты бұзылмай тұрған тарихи жәдігерлерді өзіміздің тып-типыл еткеніміз жайлы баяндады. «Қоянды жәрмеңкесін» сақтап қалу керек еді», – дейді әнші. Айта кетейік, Нұрлан Өнербаев кейінгі жылдары Қазақстанның өңірлерін жиі аралап жүр.