Елордалық полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәтінен видео тарады

Елордалық полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәтінен видео тарады

Елордалық полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәтінен видео тарады
ашық дереккөзі
8 тамызда сағат 12:35-те 102 нөміріне екі азаматтың дүкеннен алған тауарға ақша төлемей қашып кеткені жайлы хабар түскен деп жазды turkystan.kz. Бірнеше минуттан кейін дәл осындай шағыммен тағы бір дүкен иесі хабарласқан. Оның айтуынша, белгісіз екі адам дүкеннен 2 бөтелке сыра алып, ақшасын төлеместен Toyota Сamry көлігімен қаша жөнелген.
«Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына көлік Қорғалжын тас жолы бойында кетіп бара жатқанда түсіп қалған. Toyota Camry жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған. Көлік көп жүретін көшемен келе жатып, жүргізуші бірнеше рет қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, апаттық жағдай туғызып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді», - деді қаланың ПД өкілдері.