Жамбыл облысында алкоголь өнімін шығарған астыртын цех анықталды

8 тамыз, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында алкоголь өнімін шығарған астыртын цех анықталды Жамбыл облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, алкоголь өнімін шығарып келген цехты анықтады деп хабарлады turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
«Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь, 36 мыңнан астам бөтелке, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.