Әйелді бұрынғы күйеуінің қанды қолынан арашалаған жігіт марапатталды

Әйелді бұрынғы күйеуінің қанды қолынан арашалаған жігіт марапатталды

Әйелді бұрынғы күйеуінің қанды қолынан арашалаған жігіт марапатталды
ашық дереккөзі
Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелге шабуыл жасаған адамды ұстауға көмек көрсеткен жас жігітті марапаттады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 24 жастағы қала тұрғыны Райымбек Медетбек бір сәтке ойланбастан автобуста қолында пышағы бар адамға жүгіргенін еске алады.
– Мен қоғамдық көлікке отырдым. Бір-екі аялдамадан өткен соң еркек пен әйел отырды, кейін олар бірдеңені талқылай бастады. Сосын айқайды естідім. Басымды көтеріп қарасам, ол әйелді қайта-қайта ұрып жатыр. Мен әрекет еттім, ер адамның қолы мен басынан ұстап алдым. Қыз қашып үлгерді, автобустың алдына қарай жүгіріп шықты, – деп оқиғаны есіне түсірді Райымбек.
– Менде қолайлы жағдай болды: мен артқы жағында тұрдым. Қорқынышты сезінуге уақытым болмады, дереу әрекет етуім керек болды, – деп әңгімесін жалғады ол. Бүгін, 8 тамыз Алматы қаласы Алатау аудандық ПБ-ның шеруі алаңында салтанатты жағдайда, барша жеке құрам алдында ержүрек, қайсар азамат марапатталды. Райымбек Медетбек Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Диас Дуанбековтің қолынан «Қазақстан полициясына – 30 жыл» медалімен және естелік сыйлықпен марапатталды.
– Алматы қалалық Ішкі істер департаменті басшылығы мен барлық жеке құрамы атынан күдіктіні ұстауға көмектескеніңіз үшін сізге алғысымды білдіремін. Құқық қорғау органдарына көмектесіп, көрсетілген белсенді азаматтық ұстанымыңыз, қырағылығыңыз бен зейінділігіңіз үшін марапатталдыңыз. Қоғам сізден үлгі алып, қылмысқа қарсы шығып, кез келген қоғамға жат көріністерге төзбейтіндігіне және қылмыспен ымырасыз күресте шет қалмайтынына сенімдімін. Табыс, зор денсаулық, бақыт тілейміз, – деді Диас Дуанбеков.
https://www.youtube.com/watch?v=31bpvvHASdE