Нутрициолог стрестен құтылуға көмектесетін тағамдарды атады

Нутрициолог стрестен құтылуға көмектесетін тағамдарды атады

Нутрициолог стрестен құтылуға көмектесетін тағамдарды атады
ашық дереккөзі
Иммунодиетолог, халықаралық нутрициолог ұзақмерзімді стрестің қаупі мен адам ағзасына стреспен күресуге көмектесетін өнімдер туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Газета.ру» басылымына берген сұхбатында Анна Шутова кейде адамдарға ауыр емес стресс қажет екенін түсіндірді. Мұндай жағдайлар - адам өміріндегі жағымды өзгерістердің бастауы. Бірақ ұзақ уақытқа созылған ауыр стресс дене қорғанысының сарқылуына және ағзаның әлсіреуіне әкеледі.
«Ең қауіптісі – ұзақ күйзеліс. Ұзақ уақытқа созылған стресс кезінде ағза кортизолды (стресс гормоны) жоғарылатуға мәжбүр болады. Содан кейін белгілі бір уақытта дене бұл стрестің орнын толтыруды тоқтатады. Нәтижесінде бірқатар проблема пайда болады: инсулинге сезімталдықтың төмендеуі, глюкозаның төмендеуі, қандағы қанттың жоғарылауы. Бұл – метаболикалық синдромға, содан кейін 2-типті қант диабетіне тікелей жол», – дейді маман.
Стресті барынша азайту үшін дәрігер белсенді өмір салтын ұстануға, жаныңызға жақын жұмыс табуға, ұйқыны қандырып, жаман әдеттерден бас тартуға және таза ауада көбірек уақыт өткізуге кеңес берді. Сонымен қатар иммунодиетолог стрестен арылуға көмектесетін тағамдардың тізімін айтты. Ол - құрамында магний бар тағамдар: жапырақты жасыл көкөністер, жаңғақтар мен бұршақтар, дәндер. Табиғи антидепрессанттар – банан, шпинат, теңіз өнімдері. Ащы табиғи шоколад пен какао жүйкені қалпына келтіруге көмектеседі. Маманның айтуынша, мұндай жағдайда шөптердің ішінен лимон бальзамы, түймедақ, жалбыз және тасшөптің пайдасы бар. Ал жүйкесіне салмақ түскен адам кофені көп ішпегені абзал. Ескерту: материалдағы ақпаратты дәрігердің тағайындауымен салыстыруға болмайды. Шешім қабылдар алдында маманмен кеңесіңіз.