Кәсіпкердің өлімі: қылмыскерлердің ұсталған сәтінен видео жарияланды

Кәсіпкердің өлімі: қылмыскерлердің ұсталған сәтінен видео жарияланды

Кәсіпкердің өлімі: қылмыскерлердің ұсталған сәтінен видео жарияланды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Оралда кәсіпкерді өлтірген қылмыскерлерді ұстады. Оқиға орнынан түсірілген видео облыстық Полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Соған сәйкес кінәлілер 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Істі Ішкі істер министрі бақылауына алды. Айта кетейік, 6 тамызда Оралдағы саябақтың автотұрағында белгілі кәсіпкерді әлдекімдердің өлтіргені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Одан кейін полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерге іздеу жариялаған еді. Бүгін таңертең екі күдікті ұсталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от PoliceWestKaz🇰🇿 (@policebqo)