Жақиянов 28-ші жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

WBA белбеуінің «уақытша» чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 2017 жылдың 10 ақпанында АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін жұдырықтаспақ. Жерлесіміздің қарсыласы шаршы алаң иесі 29 жастар Раусхи Уоррен. Ол бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған. Ал жерлесіміз осыған дейін 27 кездесу өткізген. Оның біреуінде ғана қарсыласына есе жіберіп, қалған 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Айта кетейік, Жақиянов соңғы рет 2015 жылдың қараша айында төрешілердің шешімімен венесуэлалық Йонфрез Парехоны ұтып, «уақытша» белбеуді жеңіп алған еді.

 

Back to top button