Психологиялық тест: «Төрт есіктің бірін таңдаңыз!»

Психологиялық тест: «Төрт есіктің бірін таңдаңыз!»

Психологиялық тест: «Төрт есіктің бірін таңдаңыз!»
ашық дереккөзі
Төмендегі суреттен төрт есіктің бірін таңдап, өзіңіз туралы біліңіз!  Қызыл Зерттеушілердің пікірінше, қызыл есікті таңдаған адамдар шыдамды келеді. Кез келген мәселеде эмоцияға берілмей, ақылмен шешуге тырысасыз. Сырт көзге қатал болып көріңгеніңізбен, сіздің жүрегіңіз жұмсақ, болмысыңыз ерек. Әрқашан жақындарыңызға көмектесуге дайынсыз. Бәлкім, өзіңізге көбірек көңіл бөлесіз? Сары Сіздің бойыңызда шығармашылық дарын бар. Ерекше қабілетіңіз ешкімді бей-жай қалдырмайды. Сіз күн сияқты жан-жағыңызға нұр шашып жүресіз. Жақындарыңыздың жүзіне әрдайым күлкі сыйлағанды жақсы көресіз. Талғамыңыз өте биік. Киімдерді сәнді үйлестіресіз. Сіз нағыз шығармашылық адамысыз. Егер басқа салада жүрсеңіз, мамандық турасында тағы бір ойланып көріңіз. Жасыл Егер сіз жасыл есікті таңдаған болсаңыз, өмірде өзіне не керек екенін нақты білетін адамдардың қатарынансыз. Сіздің мақсатыңыз айқын. Кез келген кәсіпті оңай үйіріп алып кете аласыз. Бойыңызда көшбасшылық қасиет бар. Адамдардың көңілін тез аулап, көндіру қолыңыздан келеді. Көк Сіз айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Ортаға бірден бейімделіп кетпейсіз. Өзіңіз жайлы айта бермейсіз. Таныстарыңыз көп болса да, олардың ішінен іріктеп барып, екі-үшеуін ғана өзіңізге жақын тартасыз. Сіз тура бетке айтатын адамсыз. Өзгелердің де сөз тасып, алдағандарын ұнатпайсыз. Ішіңіздегі сырыңызды аша бермейсіз.