Ақтаулық әлем чемпионы сыйақысын ауыл балаларына берді

Ақтаулық әлем чемпионы сыйақысын ауыл балаларына берді

Ақтаулық әлем чемпионы сыйақысын ауыл балаларына берді
ашық дереккөзі
Еркін күрестен әлем чемпионы, ақтаулық спортшы Камил Куруглиев сыйақысын ауылдық спортзалға берді деп хабарлады turkystan.kz. 92 келіде сынға түсіп, жеңіске жеткен балуанға спорт жанашыры Ерлан Қожасбай 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған болатын. Камил бұл қаражатты Маңғыстау облысы Қызылсай ауылындағы жас балуандарға күресетін кілем әперуге жұмсады. Жанкүйерлер балуанның бұл әрекетіне алғысын жаудырып жатыр. Айта кетейік, әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын жеңіп алды.