8 тамызға арналған жұлдыз жорамал

8 тамызға арналған жұлдыз жорамал

8 тамызға арналған жұлдыз жорамал
ашық дереккөзі
Тоқты Тоқтылардың белсенділігі басқаларды шабыттандырады. Дегенмен асығыс шешім қабылдамағаныңыз жөн. Жаңа танысқан адамдармен сөйлескен кезде абай болыңыз, айтар сөзіңізді ойланып айтыңыз. Бүгін отбасыңызға көңіл бөлуге, демалуға уақыт жетпеуі мүмкін. Торпақ Торпақтар үшін бүгін кездесуге қолайлы күн. Көптен бері хабарсыз кеткен ескі достарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Одан бөлек, жаңа адамдармен де танысасыз. Адамдармен әңгіме барысында көп ашуға бойалдырмаңыз. Өйткені оның соңы дауға ұласуы мүмкін. Егіздер Бүгін атқаратын жұмыс көп болғанымен, күніңіз сәтті өтеді. Өз мақсатыңыз бен жоспарыңызды көпшілікке айта бермеңіз. Сізге жеке заттарыңызға мұқият болған абзал. Денсаулығыңызға да көңіл бөліңіз. Табиғи таза өнімдерді тұтынуға тырысыңыз. Шаян Жұмысыңыз алға басады. Басшылықпен тез мәмілеге келесіз. Жоспарларыңыз іске асады. Құжаттарға қол қоюға қолайлы күн. Сондай-ақ жақындарыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Оларды ренжітіп алмаңыз. Арыстан Бүгін арыстандарға шығармашылықпен айналысуға қолайлы күн. Көптен бері ойлап жүрген жобаларыңызды іске асырасыз. Жұмыста ұсақ-түйек даулы мәселелерге, жанжалдарға араласпағаныңыз дұрыс. Дүкен аралап, сауда жасауға ыңғайлы уақыт. Қарыз бермеуге және алмауға әрекет жасаңыз. Бикеш Бүгін күніңіз сәттілікке толы болады. Тек назарыңызды ұсақ-түйекке аудармаңыз. Кез келген мәселені шешер кезде бикештерге салқынқанды болған жөн. Достарыңыздың хал-жағдайын жиі сұрап тұрыңыз. Таразы Бүгін таразылар үшін келіссөз жүргізіп, іскерлік құжаттарға қол қоюға қолайлы күн. Даулы мәселелерді оңай шешесіз. Қаржы мәселесіне ерекше назар аударыңыз. Ақша жұмсарда сақ болыңыз. Жақындарыңыздың сөзіне құлақ асыңыз. Сарышаян Достарыңызға, ағайын-туғандарға көп көңіл бөліңіз, жиі хабарласыңыз. Жаңа серіктестермен, әріптестермен жұмысыңызда ортақ мәмілеге келесіз. Тым көп уәде беретіндерге сенбеңіз. Мерген Бүгін мергендердің шығармашылық жұмыстарда белсенділігі артады. Жоспарларды қайта қарап шығудан, нақты шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Өміріңізде жаңа таныстар, жаңа достар пайда болады. Тауешкі Күніңіз сәтті өтеді. Құжат, рұқсат алуға қатысты мәселенің барлығы тез шешіледі. Туыстармен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Конференцияларға және түрлі қоғамдық іс-шараға қатысуға ұмтылыс пайда болады. Суқұйғыш Бүгін денсаулығыңызға аса назар аударыңыз. Себебі суық тию қаупі бар. Мүміндік болса, таза ауада серуендегеніңіз жөн. Металл және отпен мұқият жұмыс істеу қажет. Балықтар Қате таңдау жасау қаупі жоғары. Құжаттармен жұмыс істегенде мұқият болыңыз. Энергияңызды дұрыс пайдалануға кеңес береміз. Жұмыс уақытынан тыс спортпен шұғылданғаныңыз абзал.