Жаңалықтар

СҚО-дағы 18,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ашық дереккөзі

СҚО-дағы 18,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында 18,9 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысында белгілі болды. Ауыл тұрғындары енді бұл жер учаскелерін мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында мемлекет меншігіне 11 мың га, Қызылжар ауданында 4,2 мың га, Жамбыл ауданында 2,5 мың га, Ғ.Мүсірепов ауданында 800 га және Мамлют ауданында 400 га жер қайтарылды. «Елді мекендерде рақымшылық жасалуы керек деп санаймын. Мемлекет істі аяқсыз қалдырғаны үшін тұрғындар кінәлі емес. Мүмкін, шенеуніктердің қандай да бір мақсаты болған шығар. Мемлекеттік органдар басшыларына қандай ескертулер айтылғанын естідіңіздер. Тіпті, оларды қызметтен босату жөнінде де мәселе көтерілді. Комиссия мүшелері ретінде, біздің міндетіміз - мониторинг жүргізу, қадағалау және тұрғындармен әрдайым байланыста болу», – деп атап өтті ол. Комиссия мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов қолданыстағы шаруа қожалықтарының тиімсіздігіне назар аударды. «Мысалы, адамдардың бір бөлігі қалада тұрады. Жалған құжат жасау, жиналыс өткізбеу арқылы жерді бір компаниядан екінші компанияға беріп жіберген шаруашылықтар бар. Сот ісі болады. Шын мәнінде, жер әу бастан-ақ игеру, пайдалану үшін алынбағаны түсінікті. Құжаттардағы шатасулар ақыр-соңында жердің құнарын кетіріп, сапасын төмендетіп тынады. Бұл - айналыспаса болмайтын аса маңызды мәселе», – деді ол. Белое ауылының тұрғыны, агроном-ғалым Светлана Гаук жайылымдарды ашық бөлуге шақырды: «Осы шаруашылықтардың кімге тиесілі екенін білу үшін ортақ карта жасау керек. Бұл карта тұрғындардың жерге кім иелік ететінін және нақты қай жерді иеленіп отырғанын көре алуы үшін қажет». Сол күні партияның Петропавлдағы облыстық филиалында «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері азаматтарды қабылдады. Өтініш білдіргендердің басым көпшілігі – жерінен айырылып қалған адамдар. Олардың арасында Айыртау, Ақжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарының тұрғындары болды. Жер мәселесімен комиссияға өңірдің 60-тан астам тұрғыны жүгінді. Барлық мәселе партиялық бақылауға алынды. Айта кетейік, кейінгі бірнеше айда комиссия мүшелері Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарында болды. Жалпы, «Жер аманаты» комиссиясының көмегімен 285 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер комиссиясының құрамында партия хатшысы Дәулет Кәрібек, Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары Айдос Сарым, Ерлан Саиров, Жанарбек Әшімжан, Қайнар Абасов, Артур Платонов және Бақытжан Базарбек, Мұрат Әбенов, Марат Бәшімов, Кирилл Павлов, Марат Шибұтов, Мақсат Толықбай сынды басқа да тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бар. Жер мәселесін жедел шешу үшін қазақстандықтар барлық заң бұзу фактілері туралы «AMANAT» партиясының «Жедел желі» 8 800 080 44 41 телефоны арқылы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.