Жаңалықтар

Биыл Абай облысында орман өрті екі есе төмендеген

ашық дереккөзі

Биыл Абай облысында орман өрті екі есе төмендеген

Бұл туралы Абай облысының әкімі Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының «Семей Орманы» орман табиғи резерватының жұмысымен танысты. Резерват 1968 жылы құрылған. Жалпы ауданы 52,767 гектарды құрайды. «Облысымызда орман болғандықтан, тілсіз жаудың болатыны анық. Бірақ биыл, абырой болғанда, ірі көлемде өрт болған жоқ. ТЖД мамандарына алғыс айтамын»,- деді Нұрлан Ұранхаев.