Қазақстанда баспана бағасы қанша пайызға қымбаттады?

Қазақстанда баспана бағасы қанша пайызға қымбаттады?

Қазақстанда баспана бағасы қанша пайызға қымбаттады?
ашық дереккөзі
Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 20,8% артты.
«Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттады. Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%)», - делінген хабарламада.
Бір айдың ішінде пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4% жоғарылады.