Қазыбек Иса жалақысының қанша екенін қазақша айта алмаған Есқалиевті сынады

Қазыбек Иса жалақысының қанша екенін қазақша айта алмаған Есқалиевті сынады

Қазыбек Иса жалақысының қанша екенін қазақша айта алмаған Есқалиевті сынады
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса журналистің қазақ тілінде қойған сұрағына жауап бере алмаған «СҚ Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевті сынға алып, Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына! Бүгінде 70 пайыздан асатын қазақтардың мемлекеттік тілдегі ақпарат алу құқын шектеуге, тілдік дискриминация жасауға кім рұқсат берді? ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде Денсаулық министрлігінің «СҚ Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзінің алып отырған жалақысын қазақша айта алмады?! Жеп отырған наны - алып отырған айлығын қазақша айтуға сауаты жетпейтіндерден басқа Денсаулық министрлігі «СҚ Фармацияға» басшы болатын адам жоқ па, не масқара бұл?! Бұл не деген бейшаралық? Дәл қазір, «Осы «СҚ Фармация» басшысы орнына кімдер үміткер болып, өте алмай қалып еді, іштеріңде мемлекеттік тілді білетіндерің бар ма?» - деп фейсбукте сұрау салсақ, бірнеше үміткердің шығатыны анық. Сонда олардың ішінен әдейі Қазақстанның Мемлекеттік тілін білмейтін, тек Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлейтін Ерхат Есқалиевті таңдап алу не үшін керек болды? Қазақ Елінің мемлекеттік тілін - мемлекет құраушы негізгі ұлттың тілінің конституциялық, заңдық құқын таптау, дискриминацияға ұшырату - биліктің негізгі саясаты ма?! Қайда Әділетті, Жаңа Қазақстан?!"  деп жазды Қазыбек Иса.