Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияны жеңді

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияны жеңді

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияны жеңді
ашық дереккөзі
Шахматтан Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Ойында Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жеңіске жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең ойнады. Әзірге құрамамыз 7 рет жеңіске жетсе, 1 рет тең ойын көрсетті және 1 рет есе жіберді. Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған. Енді бірден 3-орынға көтерілді. Енді келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді. Өкінішке қарай, Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді.