Барлық қарсыласын бір минутқа жеткізбей жеңген чемпион (ВИДЕО)

Барлық қарсыласын бір минутқа жеткізбей жеңген чемпион (ВИДЕО)

Барлық қарсыласын бір минутқа жеткізбей жеңген чемпион (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде қазақстандық Данияр Шамшаев чемпион атанды деп хабарлады turkystan.kz. 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 21 жастағы қазақстандық дзюдошы барлық қарсыласын бір минутқа жеткізбей жеңген. Оның Азия чемпионатының финалында  өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесуі небәрі 34 секундқа созылды. Ал финалға дейінгі үш жекпе-жекке келсек, қазақстандық чемпион үндістандық Нингтоужама Суреш Сингх пен тәжікстандық Бехрузи Хожазоданы 42 секундта жеңді. Қырғыз елінен келген Чингисхан Сагыналиевті жығуға небәрі 31 секунд уақытын жұмсады.