Ағашты сөйлеткен шебер

Ағашты сөйлеткен шебер

Ағашты сөйлеткен шебер
ашық дереккөзі

Ғабит Темірбековтің қолына түскен әр ағаш бұтағы лезде өзгеріп шығады. Табиғатпен үйлесім тапқан шебер олардан түрлі бұйым дайындайды деп хабарлады  turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 58 жастағы Ғабит Темірбеков биология пәнінен сабақ береді. Ал қолөнермен бала күнінен айналысады. Мұндай идеяларды табиғаттың өзі тудырады дейді ол.

«Мына шырша қурап қалғанымен, мұны да пайдаға асыруға болады. Ол үшін аса тер тегудің де қажеті жоқ. Тек өңдедік. Ал бұл үстел әлі дайындық үстінде. Барлығын жылтыратып, әдемілейміз. Міне, мына бұйым ертегідегі сынған астауды елестетеді. Мұны дайындау үшін күш жұмсаған да жоқпын. Тек табиғаттың тамаша туындысын шынайы көре білу керек. Біздің айналамыз расында шығармашылыққа тұнып тұр», - дейді  қолөнер шебері Ғабит Темірбеков.