Қазақ тілін үйреніп жүрген спортшы көмек сұрады
Қазақ тілін үйреніп жүрген спортшы көмек сұрады
Бұрынғы қазақстандық волейболшы Кристина Карапетян қазақ тілін үйреніп жүр деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы оқырмандарынан көмек сұрады.
«Достарым, сіз не істегіңіз келетіні туралы сөз болғанда, ауызекі тілде әрдайым «деп едім» конструкциясын қолданасыз ба?» - деп жазды Карапетян өзінің Instagram парақшасындағы «Сторис» бөлімінде.
Еске сала кетейік, Кристина Карапетян жақында қазақ тілін үйреніп жүргенін айтқан болатын.
Кристина – елде және әлеуметтік желіде танымал спортшылардың бірі. Оның Instagram-да 47,7 мың жазылушысы бар.