«Төтенше өрт, жаңбыр»: төрт өңірде ескерту жарияланды

«Төтенше өрт, жаңбыр»: төрт өңірде ескерту жарияланды

«Төтенше өрт, жаңбыр»: төрт өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
7 тамызда ауа райына байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамынша, Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20   м/с күшейеюі ықтимал.