Дидар Хамза Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Дидар Хамза Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Дидар Хамза Азия чемпионатының жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Дидар Хамза елордада өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz. Ол 90 кг дейінгі салмақта БАӘ спортшысы Арам Григорянді «иппон» әдісімен жеңді. Айта кетейік, құрлықтық дода 7 тамыз күні мәресіне жетеді. Жекелей сынның соңғы жарыс күнінде ерлер арасында 90, 100 және 100-ден жоғары салмақтағы балуандар, әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары салмақтағы спортшылар белдеседі. Аталған додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынап жатыр. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан қатысып жатыр.