Генерал-майордың өлімі: істі прокуратура бақылауға алды

Генерал-майордың өлімі: істі прокуратура бақылауға алды

Генерал-майордың өлімі: істі прокуратура бақылауға алды
ашық дереккөзі
Алматы қаласының прокуратурасы тергеу изоляторында көз жұмған генерал-майор Жайлаубек Халықұлына қатысты тергеу жүргізеді деп хабарлады  turkystan.kz.
«Алматы қаласының прокуратурасы 6 тамыз күні сағат 07.15 шамасында Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторының камерасында қамаудағы Халықұлы Жайлаубектің асылып қалғаны туралы хабарлама түскенін хабарлайды. Шақырылған дәрігерлер тобы Халықұлы Жайлаубектің қайтыс болғанын анықтады, алдын ала диагноз: асфиксия. Өлімнің себептерін анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілетін болады. Тергеу барысын Алматы прокуратурасы өз бақылауына алды», – деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, генерал-майордың көз жұмғаны туралы ақпаратты бүгін таңертең ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті таратты.