Бибісара Асаубаева – Азияның үздік шахматшысы

Бибісара Асаубаева – Азияның үздік шахматшысы

Бибісара Асаубаева – Азияның үздік шахматшысы
ашық дереккөзі
Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Кеше Халықаралық шахмат федерациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі болды. Шахматтан әлемнің 15-чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», - деп жазды спортшы. Айта кетейік, Бибісара Асаубаева - блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы.