Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тапты

Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тапты

Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Маңғыстау өңірінде жол апатынан 1 адам қаза тапты. 5 адам жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 5 тамызда таңғы сағат 9:00 шамасында болған. УАЗ көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бара жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан Toyota Prado-ға соғылып, көліктер өртенді. УАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінен.