Елордада салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді

Елордада салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді

Елордада салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
Елордалық №3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 келі сәби дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz. Медицина қызметкерлері сәбиді еркелетіп Исатай батыр деп атаған. Нәресте 4 тамыз күні дүниеге келді. Бойы - 63 см. Ол - 30 жастағы  ананың отбасындағы үшінші бала. Әйел жүктіліктің 39 аптасында табиғи жолмен босанған. «Қиын болды, бірақ перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Жанымда бөлім меңгерушілері де болды» - дейді нәрестенің анасы.