Командир әскери қызметшіні несие алуға мәжбүрлеген

Командир әскери қызметшіні несие алуға мәжбүрлеген

Командир әскери қызметшіні несие алуға мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында әскери қызметшіге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді. Әскери қызметшінің анасы рота командирінің заңсыз әрекеттері жайлы әлеуметтік желіге жазды деп хабарлады  turkystan.kz. Оның айтуынша, ұлына қысым көрсеткен командир несие алуға, үйіне азық-түлік әкеліп беруге мәжбүрлеген. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.
«Аталған дерек АЕК-ға тіркеліп, әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А. Сағынтаев қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады», - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.