Баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек?

Баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек?

Баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек?
ашық дереккөзі
Тамыз айында балаларды жаңа оқу жылына дайындау жұмысы басталды. Биыл азық-түлік қана емес, оқу құралдары мен мектеп формасының да бағасы өскен. Мәселен, бір жыл ішінде кеңсе тауарлары 9,9 пайызға қымбаттады. Осыны ескерсек, баланы мектепке дайындауға аз шығын кетпейді деп хабарлады turkystan.kz. Қоғамдық саясат институты мектеп оқушыларына қажетті заттар жиынтығының минималды құнын есептеп, зерттеу жасады.  Осыған сәйкес 2022 жылы кеңсе тауарлары жиынтығының ең арзаны 13 885 теңге тұрады. Жиынтыққа 22 зат кіреді. Ең қымбаты – сөмке (6 800 теңгеден басталады). Ал желім, қалам 50 теңгеден.
Мектеп формасы мен спорттық киімнің құны орташа есеппен - 69 980 теңге. Ал қыздарға арналған мектеп киімдері қымбат, 71 980 теңгеден басталады. Жалпы, 2022 жылы оқушыны жаңа оқу жылына дайындау үшін ең азы 83 865 теңге қажет.
Айта кету керек, Қазақстанда төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 487,6 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Отбасындағы әрбір балаға берілетін жәрдемақы мөлшері айына –12 252 теңге. Қазір білім сапасы, оқу ақысының қымбаттауы ең өзекті мәселеге айналды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, әрбір екінші респондент білім сапасы мен оқу ақысына алаңдайтыны белгілі болды.  width= Оқу ақысы 10,3 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру 5,8 пайызға, орта білім 6,8 пайызға, кәсіптік орта білім 10,6 пайызға, жоғары білім 16,4 пайызға, ересектерге арналған білім 10,4 пайызға өсті. Ескеретін жайт, зерттеу ABDI онлайн дүкендеріндегі баға бойынша жүргізілген. Киім-кешекті Glasman дүкенінен онлайн тапсырыспен осы бағамен алуға болады. Алайда мұнда тек мектеп формасы есепке алынғанын ескеріңіз. Зерттеу биыл шілде айында жүргізілді. Сауалнамаға 8 000 адам қатысқан.