Елорда тұрғыны бұрынғы құдасынан қалыңмалды қайтару үшін сотқа жүгінді
Елорда тұрғыны бұрынғы құдасынан қалыңмалды қайтару үшін сотқа жүгінді
Елорда тұрғыны бұрынғы құдасынан қалыңмалды қайтарып алу үшін сотқа арызданды деп хабарлады turkystan.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының мәліметінше, сот талапкерлерге қалыңдық үшін берілген қалыңмалды қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.
«Талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған. Алайда 2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған. Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды» деп жазды елордалық сот.
Сот «Қалыңдық үшін қалыңмал түріндегі ақшалай сома мен басқа да заттар сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ» деген қорытындыға келді. Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін жеткізді.
«Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше болған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ» деп жазды ведомстводан.