Шахмат олимпиадасы: әйелдер құрамасы Вьетнамды жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Вьетнамды жеңді. Ойын 2,5:1,5 есебімен аяқталды деп хабарлады turkystan.kz.
Командаға Жансая Әбдімәлік жеңіс әкелді. Ал Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева мен Назерке Нұрғали тең ойнады. "
Спорт Шредингер" порталының хабарлауынша, ерлер құрамасы Испанияны жеңіп, қатарынан бесінші жеңіске қол жеткізді. Есеп - 2,5: 1,5. Команда қоржынына Әлішер Сүлейменов ұпай әкелді, ал Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек тең ойын көрсетті.
Қазыбек бұл жолы алғаш рет тең түсті. Матч алдында испандықтар 15-орында болды, ал қазақстандықтар 11-орынды иеленген болатын.