«Жер аманаты» комиссиясы Солтүстік Қазақстанға барды

«Жер аманаты» комиссиясы Солтүстік Қазақстанға барды

«Жер аманаты» комиссиясы Солтүстік Қазақстанға барды
ашық дереккөзі
«ЖЕР АМАНАТЫ» жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі республикалық комиссияның кезекті сапары Солтүстік Қазақстанда өтті деп хабарлады turkystan.kz. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «ЖЕР АМАНАТЫ» Республикалық жер комиссиясынан жұмысы жайлы Бақытжан Базарбек фейсбук парақшасында жазды.
«Біз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «ЖЕР АМАНАТЫ» Республикалық жер комиссиясынанбыз! Біздің басты міндет – пайдаланылмай жатқан жер телімдерін және заңға қайшы берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Аймақта Ақжар ауданындағы «Бостандық» ЖШС мен  Шал ақын ауданындағы «Балуан-СК» ЖШС үлестік жерлерін заңсыз иеліктен шығаруға қатысты мәселелер ерекше маңызға ие. Мұндағы тұрғындардың жері кепілге қойылып, кейін банкке өтіп кеткен. Адамдар шартты жер үлестерінен ғана емес, өз үлестері арқылы өмір сүру мүмкіндігінен де айырылған. «Бостандық» ЖШС және «Балуан-СК» ЖШС акционерлері  өз жерлерінен айырылып қалған. Оларды жоғарыдағы аталған ЖШС-лер жалған жалпы жиналыс хаттамасын және жалған сенімхаттар жасау арқылы алдап келген. Ең бастысы, бұл айла-шарғыларға аудан әкімдігінің шенеуніктері де қатысқан. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, көрсетілген жерлерді үшінші тұлғалардың пайдасына тартып алған. Нәтижесінде біз «Бостандық» ЖШС және «Балуан-СК» ЖШС үлескерлеріне қатысты мәселенің шешімін таптық. Онда бірінші жағдайда Ауыл шаруашылығы министрлігі инспекторды тарта отырып, тексеру жүргізеді. Екінші жағдайда Орталық аппараттан, комиссия прокуратураға прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды және акционерлердің қоғамдық мүдделерін қорғау үшін сотта сөз сөйлеуді ұсынады. Сондай-ақ, қазіргі вице-министрдің Шал ақын ауданының әкімі қызметін атқарып тұрған кезде аудан әкіміне сенімхат берген іс-әрекетіне қарсы және «Балуан-СК» ЖШС-нің үлестік жерлерін тіркеу туралы қылмыстық іске қатысты  прокуратураға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазатынымды айттым. Сондай-ақ, Республикалық комиссия мүшелерімен кездесуге «Джокей-агро» ЖШС (Жамбыл ауданы), «Жарқын СК» ЖШС (Айыртау ауданы) акционерлерінің өкілдері келді. Бірінші мәселе бойынша шешім таптық, екінші мәселе бойынша сот шешімін күтіп отырмыз. Акционерлердің, ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерінің ерекше наразылығы Солтүстік Қазақстан облысының Шал-ақын, Ақжар, Айыртау, Жамбыл аудандары әкімдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕҰ-ның халықтың жер мәселесін шешудегі әрекетсіздігінен туындап отыр.  width= Ірі ауылшаруашылық кәсіпорны «Имран Агро» ЖШС мен «Гусаковка» ЖШС «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру филиалының заңсыз әрекеттеріне шағым түсірді. Біз бір шешімге келдік, ҰАО басшылығы жағдайды реттеу үшін «Имран Агро» ЖШС өкілдерін қабылдайды және «Гусаковка» ЖШС-нің шағымы бойынша ҰАО оның қатысушыларының кейбір айыппұлдарына байланысты кәсіпорынды қайта тіркеуден бас тартып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі ЖШС сотта қолдана алатын жазбаша түсініктеме дайындайды. Комиссия отырысына көп мәселені көтеруге менің досым, Петропавл қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Олег Хрупин келді. ӘКК-ге жер телімдерін сауда-саттықсыз беру кезінде заңбұзушылық фактілерін және көпқабатты үйдің іргелес телімін иеліктен шығару фактілерін атап өтті. Хрупиннің барлық материалдары бақылауға алынды, жақын арада тексерулер күтілуде. Республикалық комиссия отырысына ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері: Г.Зенченко, Е.Мәмбетов, С.Малаев, В.Коваленко, М.Гулиев, И.Сәттібаевтар келді. Олар жер учаскесін (үлесі) заттай нысанда беруге тыйым салу және пропорционалды алым төлеуді белгілеу мәселесін шешуді сұрады. 7 сағат үзіліссіз кездесулер мен қызу талқылаулар өткіздік. Олардың 40 өтініш берушілері маңызды мәселесінің шешімін тапты. «Аманат» саяси партиясына комиссияның Солтүстік Қазақстан облысына сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және Комиссия алдында тұрған жер мәселесін шешкені үшін алғыс айтамын» деп жазды ол.