Оразкүл Асанғазықызы: Тіл – ұлттың жаны, рухы

Оразкүл Асанғазықызы: Тіл – ұлттың жаны, рухы

Оразкүл Асанғазықызы: Тіл – ұлттың жаны, рухы
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы елордалық филиалының ұйымдастыруымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің конференц-залында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен кездесу өтті деп хабарлады turkystan.kz. «Тіл құбылысы: мазмұны және мемлекеттік мәртебесі» тақырыбында өткен басқосуда тіл жанашыры мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін арттыру туралы дәріс оқыды. Әңгімесін ұлт зиялыларының жалынды сөзімен бастаған Оразкүл Асанғазы жастарға қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз керек екенін айтты.  width=
«Тіл – ұлттың жаны, рухы. Ұлттық қасиет ұлттың тілінде сақталады. Әр ұлттың өзінің ұлттық коды болады. Ұлттық код сол елдің терең тарихынан нәр алса еш адаспайды. Біз ендеше қазақ болғанымызды әрқашан мақтан тұтып жүруіміз керек», – деді тіл жанашыры.
Кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің аты дұрыс жазылмай жүргеніне тоқталды.
«Тәуелсіздік алмас бұрын қазақтың тегіне   «-ов, -ев, -евич, -ович» қосылып жазылып келді. Кейін 1996 жылы Рахманқұл Бердібай, Шерхан Мұртаза осы мәселені көтеріп, Елбасыға хат жазды. Мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта кез келген адам еш кедергісіз, қиындықсыз тегін оп-оңай қазақшалай алады. Мысалы, мен қаншама жыл «-евамен» жүрдім. 1996 жылы Елбасы Жарлыққа қол қойғаннан кейін екі аптаның ішінде тегімді ауыстырдым», - деді Оразкүл Асанғазықызы.
 width= Ол, сондай-ақ, әңгіме барысында Тіл басқармасын басқарған уақытта грантқа оқуға түскен түлектердің тегін қарап шыққанын, онда қазақ балаларының 85 пайызының тегі қате жазылғанына көз жеткізгенін атап өтті.
«Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Кезінде аталарымыз есім таңдап, тіркеу бөліміне барды. Бірақ сауатын «Букварьмен» ашқан қыздар сол жерде отырып, қате жазып жіберген. Сондықтан ертерек тегіміздегі «-ов, -евтен» арылып, қазақшалайық», – деп түйіндеді сөзін тіл жанашыры.
Кездесу соңында дәріске қатысушылар қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызына сұрақтарын қойып, лектормен естелік суретке түсті.