Орал механикалық зауыты өртенді

Орал механикалық зауыты өртенді

Орал механикалық зауыты өртенді
ашық дереккөзі
Орал механикалық зауытын өрт шарпыды деп хабарлады turkystan.kz БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орал механикалық зауыты» ЖШС аумағында 2-цех шатыры мен жарық шамы жанды. Өрт аумағы – 240 шаршы метр. Жедел штаб құрылып, өртті ауыздықтауға 15 техника, 56 адам жұмылдырылды. Өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.