Жаңалықтар

Орал механикалық зауыты өртенді

ашық дереккөзі

Орал механикалық зауыты өртенді

Орал механикалық зауытын өрт шарпыды деп хабарлады turkystan.kz БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Орал механикалық зауыты» ЖШС аумағында 2-цех шатыры мен жарық шамы жанды. Өрт аумағы – 240 шаршы метр. Жедел штаб құрылып, өртті ауыздықтауға 15 техника, 56 адам жұмылдырылды. Өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.