Орал қаласын қою қара түтін басты

Орал қаласын қою қара түтін басты

Орал қаласын қою қара түтін басты
ашық дереккөзі
Орал қаласының тұрғындары қаланы қою қара түтін басқан сәтті видеоға түсірген болатын. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті осыған қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Орал қаласында 5 тамыз күні сағат 11:55-те Назарбаев даңғылы, 215 мекенжайы бойынша «UMP» ЖШС аумағында №2 цехтың шатыры мен жарық шамы жанып кетті. Өрт аумағы 240 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі zakon.kz cауалына.
Ведомствоның мәліметінше, өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді.
«Өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 бірлік техникасы мен 56 жеке құрамы жөнелтілді. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылды», – деді баспасөз қызметінен.