Жаңалықтар

Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізді

ашық дереккөзі

Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен қоғам өкілдері қатысты. Ерболат Досаев өзінің сөзінде сыбайлас жемқорлықты жою үшін парақорлық жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, комплаенс-қызметті енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тетіктері мен қорытындылары қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды.