Тараз қаласының әкімі қызметінен кеткенін мәлімдеді

Тараз қаласының әкімі қызметінен кеткенін мәлімдеді

Тараз қаласының әкімі қызметінен кеткенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Сенім артылған соң, еліміздің кез келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда, сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесіне өттім» деп жазды Ержан Жылқыбаев.
Сонымен қатар ол игі істер мен әрбір жобаның сәтті іске асуында жамбылдықтардың қолдауы мен әріптестерінің еңбегі зор екенін айтты. Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған.