Ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірді (ВИДЕО)

Ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірді (ВИДЕО)

Ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ жарақатын салды. Оқиға Алматыда болған деп хабарлады  turkystan.kz. Оның әйелмен сөзге келіп қалғаны, кейін пышақ алып шабуыл жасағаны автобустағы камераға түсіп қалған. «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының мәліметінше, зардап шеккен 27 жастағы әйел екі баланың анасы.  Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22:30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында, №38 автобуста болған. Алматы Полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», – деп жазылған хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)