Әнші, композитор Аймұрат Мәжікбаев өмірден өтті

Әнші, композитор Аймұрат Мәжікбаев өмірден өтті

Әнші, композитор Аймұрат Мәжікбаев өмірден өтті
ашық дереккөзі
Әнші әрі композитор Аймұрат Мәжікбаев өмірден өтті. Ол қазан айында 49 жасқа толар еді. Аймұрат Мәжікбаев 1997 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін тәмамдаған. Кейінірек политехникалық колледжде  «Саз» вокалдық студиясын, «Самғау» жастар театрын құрды. 2016 жылдан бастап Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда солист болды. Аймұрат Мәжікбаев көптеген танымал әннің авторы. «Туған жер», «Ақтөбе», «Анашым», «Асыл аға», «Балапаным» сияқты қазақ эстрадасындағы әндерге музыка жазған. Ол әуенін жазған «Аққуым» әнін Майра Мұхаммедқызы мен Димаш Құдайберген орындап жүр. Димаш Құдайберген Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында композитордың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып, жазба жариялады.
«Бала кезімнен бастап Аймұрат ағаның әндерін жақсы көріп тыңдайтынмын. Ағамыздың ақкөңілдігі, нәзік жүрегі бізге үлгі болды. Кішкентай кезімде Аймұрат аға «Аққуым» әнін орындап тұрғанда осы әнді ержеткенде мен де сахнаға алып шықсам ғой дейтінмін. Өнеріңіз үшін, өнегеңіз үшін, рақмет ағатайым. Бақұл болыңыз…» деп жазды әнші.