Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі
Петропавл қаласының әкімі болып Руслан Анбаев тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Руслан Анбаев 1978 жылы СҚО Тимирязев ауданы Целинное елді мекенінде дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менежер, агроном және юриспруденция бакалавры. Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданында аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған. 2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында салық қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды. 2015 жылдан 2019 жылға дейін СҚО әкімі апараты жетекшісінің орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Мамлют ауданын басқарса, 2020 жылғы қазан айынан осы күнге дейін Тайынша ауданының әкімі болды.