Қазақстан таеквондошылары әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстан таеквондошылары әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстан таеквондошылары әлем чемпионатында жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Болгарияның София қаласында таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты деп хабарлады turkystan.kz ҚР таеквондо федерациясына сілтеме жасап. 55 келі салмақта Жавохирхон Исламов жартылай финалда қарсыласына жол беріп, үздік үштіктің қатарына енді. 59 кг салмақта Әлібек Шайкенов те қола медальге қол жеткізді. Бұған дейін спортшыларымыз екі күміс, бір қола медаль жеңіп алған болатын.