Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты. Екеуі жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz. Қазір күдіктілерді ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 «4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған», – деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.