2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды

2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды

2023 жылдан бастап темекі қымбаттайды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Фильтрі бар сигареттер:
  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
  • 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.
Сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:
  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
  • 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:
  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне.