Жаңалықтар

Роза Рымбаева өзін "өлтірген" азаматпен соттаспақ

ашық дереккөзі

Роза Рымбаева өзін "өлтірген" азаматпен соттаспақ

Желіде Қазастанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның қайтыс болғаны жайлы ақпарат жарық көрді.  Жалған хабарды "Вконтакте" қолданушылары таратқан. 

Әлеуметтік желідегі Сейітжан Өмірзақ есімді қолданушы "Роза Рымбаева жол апатында қайтыс болды" деген пост салған. Оны тағы басқа да желі қолданушылары өз парақшаларында бөліскен.

Ал өз кезегінде әнші Роза Рымбаева бұл оқиғаға қатысты дереу пікір білдірді.

"Демек, мен ұзақ өмір сүремін (күледі). Алайда, мұндай қауесет таратқан адамның есі дұрыс емес және қалжыңдасуды білмейді екен. Енді соттасамыз", - деді Роза Рымбаева.

Әнші қазір Астанада, кейін Атырау қаласында концерт береді. Алдағы күндерде Алматы қаласына келеді.