Конференция лигасы: «Қызыл-Жар» футболшылары Кипрден көңілсіз қайтты

Конференция лигасы: «Қызыл-Жар» футболшылары Кипрден көңілсіз қайтты

Конференция лигасы: «Қызыл-Жар» футболшылары Кипрден көңілсіз қайтты
ашық дереккөзі
Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды деп хабарлады turkystan.kz. Ойындағы жалғыз гол 27-минутта соғылды. Эфремнің «Қызыл-Жар» қақпашысының төбесінен асыра салған добы кездесудің тағдырын шешіп берді. Бұдан кейін де алаң қожайындары қайта-қайта шабуыл жасағанымен есепті өзгерте алмады. Ал қазақстандық клубтың футболшылары қарсыластың қақпасына қарай жақындай алмай-ақ қойды. Алда әлі жауапты кездесу бар. Іріктеуден кімнің өтетіні Нұр-Сұлтанда болатын матч кезінде шешіледі. АПОЭЛ (Никосия, Кипр) - «Қызыл-Жар» (Петропавл, Қазақстан) 1:0 (1:0) Гол: Эфрем. 27 минут (1:0) Төреші: Ламбрехтс (Бельгия) 4 тамыз. Никосия. «ГСП» стадионы.