АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады
ашық дереккөзі
Сәрсенбі күні АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялау туралы қарарды қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Тиісті хаттама сенат сайтында орналастырылған. 95 сенатор Скандинавияның екі елінің НАТО-ға мүше болуын қолдады, біреуі қарсы, біреуі қалыс қалды. Еске салсақ,  Финляндия мен Швеция 18 мамырда НАТО-ға кіруге ресми өтініш білдірген. Құжаттарды НАТО-ның барлық мемлекеттері ратификациялағаннан кейін Хельсинки мен Стокгольм ұйымға мүше болады. Мақұлдау хаттары АҚШ Мемлекеттік департаментіне сақтау үшін жіберіледі.