Коронавирус жұқтырған 3 бала реанимацияда жатыр

Коронавирус жұқтырған 3 бала реанимацияда жатыр

Коронавирус жұқтырған 3 бала реанимацияда жатыр
ашық дереккөзі
Елімізде жыл басынан бері 6000 бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жыл басынан бері коронавируспен 6 мыңнан астам бала ауырды. Қазіргі таңда ауруханаларда 423 бала емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығын министрліктің деңгейінде қарап отырамыз. Жедел штабымыз бар екенін, балалардың денсаулығы үнемі қаралып отыратынын айтқан болатынмын», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол аталған балалардың сырқатты қалай өткеріп жатқанына тоқталды.
«Қазір ауырып жатқан балалардың 21 пайызы жеңіл, 77 пайызы орташа, 0,7 пайызы ауыр өткеріп жатыр. Яғни, қазір 3 бала реанимацияда жатыр. Ол балалардың денсаулығын дәрігерлер, соның ішінде республикалық деңгейдегі мамандар емдеуге араласып отыр», - деді министр.