Қазақстандық спортшы Норвегияға бару үшін халықтан ақша жинап жатыр

Қазақстандық спортшы Норвегияға бару үшін халықтан ақша жинап жатыр

Қазақстандық спортшы Норвегияға бару үшін халықтан ақша жинап жатыр
ашық дереккөзі
Шаңғымен сырғанау және шаңғымен секіру біріктірілген спорт түрінен (Шаңғы қоссайысы) спорт шебері, 2014-2021 жылғы Қазақстан чемпионы  Чингиз Ракпаров Норвегияда өтетін оқу-жаттығу жиынына бару үшін халықтан ақша жинауға мәжбүр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы елімізде қарқынды дами қоймаған спорт түрімен айналысып жүрген спортшының өзі айтты.
«Мен Норвегия құрамасынан 01.09.2022 мен 3.10.2022 аралығында Тронхеймде өтетін бірлескен оқу-жаттығу жиынына шақыру алдым. Норвегия -  қысқы спорт түрлері бойынша сөзсіз көшбасшы. Бұл ең мықты спортшылармен жаттығу циклінен өтудің бірегей мүмкіндігі» деп жазды шаңғышы Чингиз Ракпаров әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, ол мұндай елдерге арнайы барып, жаттығудың Қазақстандағы қысқы спортқа пайдасын да тізбектеп берген. Ал ондай идеяларды жүзеге асыру үшін бүгінгідей мүмкіндіктерді жіберіп алмау қажет. Бірақ мұндай тәжірибеден өту үшін спортшыға қомақты қаржы керек. Алдын ала болжам бойынша, әңгіме 2,8 млн теңге (5700 €) туралы болып отыр.
«Қазақстандағы қысқы спорттың қазіргі жағдайын ескере отырып (бұрынғы жазбаларымды қараңыз), мемлекеттен қолдау күту бекер деп санаймын. Мен спортты жақсы көретіндіктен және еліме арман еткен медальді әкелгім келетіндіктен, бұл мүмкіндікті жіберіп алғым келмейді. Сондықтан өз бетімше қаржы жинап көргім келеді. Бұл ретте сіздердің қолдауларыңызға және демеушіліктеріңізге зәрумін», - деді Қазақстан чемпионы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Chingiz Rakparov (@chingizrakparov)