Ақтауда үш жігіт суға батып кетті

«Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы орналасқан Каспий теңізінің жағалауында үш адам суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Ақпаратты Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растады.

«3 тамызда сағат 16:38-де Түпқараған ауданы «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында 3 адамның суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол жердегі тұрғындар 31 жастағы ер адамды құтқарған. Бірақ, ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал құтқарушылар 35 және 31 жастағы азаматтардың мәйітін судан алып шықты», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button