Теннистен ӘЧ: Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын жеңіп, 1/2 финалға шықты

Теннистен ӘЧ: Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын жеңіп, 1/2 финалға шықты

Теннистен ӘЧ: Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын жеңіп, 1/2 финалға шықты
ашық дереккөзі
Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты (2022 ITF World Junior Tennis Finals) өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Ширек финалда қазақстандық жасөспірімдер Словения құрамасымен ойнайды. Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатында сәтті ойын өрнегін көрсетіп жатқанын айтты.  width= «Мен өз шәкірттеріммен мақтанамын. Эквадормен ойын әлем чемпионатындағы алғашқы матч болғандықтан қазақстандық жасөспірімдер толқып, есе жіберді. Содан кейін Аргентина мен Италия сияқты аса мықты командалардыжеңіп, ширек финалға жолдама алды. Бұл – тарихи жеңіс», – деді Квак. Еске сала кетейік, теннистен әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет ширек финалға шықты. Топтық бәсекеде Италиямен өткен матчта Сергей Квактың шәкірттері әлем чемпиондарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Үшінші жұптық кездесуде Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков қарсыластарынан 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.