Шенеуніктер атаулы көмек алатын отбасына ескі теледидар берген

Шенеуніктер атаулы көмек алатын отбасына ескі теледидар берген

Шенеуніктер атаулы көмек алатын отбасына ескі теледидар берген
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер атаулы көмек алатын отбасына ескі теледидар берген. Бұл қазақстандықтардың ашуын туғызды деп хабарлады turkystan.kz. «Есіл ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының м.а. Никибаев пен мамандар Явленка ауылында тұратын әлеуметтік көмек алушы отбасына көмек көрсетті. Отбасының теледидар сатып алуға мүмкіндігі болмады. Сондықтан оларға кішкентай шкафы бар теледидар пайдалануға берілді». СҚО Есіл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Facebook парақшасында осындай пост жарияланды деп жазады kazakh_inform. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұған назар аударып, пікір білдірді.
«Бұл шын болғаны ма? Бұл шынымен 2000 жыл емес, қазір болып жатқан жағдай ма? Бұл балалар жылы ма? Егер бұл рас болса, оларды қалай атайтынымды білмеймін?» деп жазды Ирина Смирнова.